Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлайды, құқық қорғау органын беделден түсіретін теріс қылық жасағаны үшін Өскемен қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры В.Б. Пан «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес прокуратура органдарынан босатылып, «1-сыныпты заңгер» сыныптық шенінен айырылды.
2025 жылғы 3 қазандағы Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың қаулысымен В.Б. Пан ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы