Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде облыс прокуратурасында «Үздік мемлекеттік айыптаушы» байқауы өткізілді.
Байқауға прокуратураның жас және тәжірибелі қызметкерлері қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды, 1 кезеңде сот отырыстарының аудио-видео бейнелерін көру арқылы ең жақсы айыптау сөздері анықталды.
2-кезең 3 бөлімнен тұрды: «Қолданыстағы заңнаманы білу бойынша блиц-сауалнама,» «Ситуациялық міндеттер» және сот актілерін тексеру.
2-кезең барысында сайыскерлер қолданыстағы заңнама бойынша білімдерін және осы білімдерін іс жүзінде қолданыстарын көрсетті.
3-кезең - үздік мемлекеттік айыптаушыларды анықтау.
Байқауға қатысушылар арасында «2025 жылғы басшылар арасындағы үздік мемлекеттік айыптаушы», «2025 жылғы басқа қадағалаудағы үздік мемлекеттік айыптаушы» номинациялары да сарапқа салынды.
Байқау нәтижелері 2025 жылғы 6 желтоқсанда «Прокуратура күні» кәсіби мерекесін атап өту салтанатты жиынында жарияланады.
Мұндай шараларды облыс прокуратурасы жыл сайын өткізеді. Шараның мақсаты - қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, бір орында тұрмайтын және үнемі жаңа заң нормаларымен толықтырылып отыратын қолданыстағы заңнама бойынша жаңа білім алу.
Мемлекеттік айыптаушылардың үздік айыптау сөздері республика бойынша прокурорлар арасындағы конкурсқа қатысу үшін Бас прокуратураға жіберіледі.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы