Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерде таралып жатқан Өскемен қаласы прокуратурасы қызметкерлеріне қатысты ақпарат бойынша келесіні хабарлайды. Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде. Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, ол өзіне қатысты жауаптылық туралы шешім қабылданғанға дейін уақытша атқаратын лауазымынан шеттетілді.
Өскемен қаласы прокуратурасының өзге қызметкерлеріне қатысты мәліметтер бойынша бұған дейін де қызметтік тексерістер жүргізілген. Аталған мән-жайлардың бір бөлігі расталып, көрсетілген қызметкерлер қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
ШҚО прокуратурасы