ШҚО-да аудандық бөлімнің басшысы мемлекеттік органның ғаламтор парақшасында жалған ақпарат орналастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ШҚО-да аудандық бөлімнің басшысы мемлекеттік органның ғаламтор парақшасында жалған ақпарат орналастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы прокуратурасының талдауымен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысының  «Самар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ресми ғаламтор парақшасында бос жер учаскелері туралы расталмаған (жалған) ақпаратты орналастыру фактісі анықталды.

Анықталғандай, аудан әкімі аппаратының сайтында ауданы 180,34 га бос шабындық алқаптардың және ауданы 30,62 га жайылымдардың болуы туралы анық емес, төмендетілген мәліметтер көрсетілген, ал ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының мәліметтеріне сәйкес сұралған учаскенің шабындық алаңы 193,4 га, жайылымдар 30,0 га құрайды.

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы лауазымды тұлғаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады (мемлекеттік органның жалған ақпарат таратуы).

2025 жылғы 25 маусымда Самар ауданы сотының қаулысымен жер қатынастары бөлімінің басшысы аталған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 117 960 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сот актісі заңды күшіне енді.

Қазіргі уақытта Республикада бұл ақпарат иесінің интернет-ресурсында жалған ақпарат орналастырғаны үшін ӘҚБтК-нің 456-2 бабының 1 бөлігі бойынша лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартудың жалғыз фактісі болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың халықты жаңылыстыратын, анық емес ақпаратты таратуына жол бермеу жөнінде кешенді шаралар қабылдауды жалғастыратын болады.

#Теңқұқылы 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы