«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында облыс прокуратурасының бастамасымен облыстың орта және арнаулы оқу орындары арасында ірі ағартушылық шара – «Мен және Заң» байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастарды құқықтық сауаттандыру, құқықтық сананы қалыптастыру және заңға құрметпен қарауды дамыту, оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
Байқауға облыстың барлық өңірлерінен 14 команда қатысты. Жалпы саны 200-ге жуық мектеп пен колледж оқушылары қамтылды.
Байқаудың ерекшелігі – оның форматы: қатысушылар қазіргі қылмыстылық мәселелерін – буллинг, есірткіні тарату, отбасындағы зорлық-зомбылық, алаяқтық және кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу, экологиялық құқық бұзушылықтар, көше қылмысы және басқа да өзекті құқық бұзушылық түрлерін театрландырылған көріністер мен сахналық қойылымдар арқылы көрсетті.
Қатысушылар өнер арқылы заңға немқұрайлы қараудың қандай салдарға әкелетінін көрсетіп, әр адамның өмірінде құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Барлық қатысушылар жоғары деңгейде дайындық көрсетіп, белсенділік пен шынайы қызығушылық танытты.
Байқау қорытындысы бойынша:
Жеңімпаздарға алғыс хаттар, кубоктар және ақшалай сыйлықтар табысталды. Қалған 11 командаға түрлі номинациялар беріліп, сыйлық ретінде қажетті спорттық жабдықтарымен бірге теннис үстелдері сыйға тартылды.
Іс-шара барлық қатысушылардың оң бағасын алып, мектеп оқушылары мен студенттердің қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді белсенді талқылауына және құқықтық білім алуға үлкен серпін берді.
#ҚұқықтықМәдениет
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы