«Заң мен Тәртіп» республикалық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының прокуратура органдары заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың, оның ішінде қоғамнан оқшаулау жағдайында ұсталып отырғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған кешенді іс-шараларды жалғастырып жатыр.
Осыған орай, Өскемен қаласының прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарын тарта отырып, уақытша ұстау изоляторындағы (УҰИ) ұстау жағдайларына жоспарлы тексеру жүргізді.
Осы жылдың басынан бері қылмыстық қудалау органдарымен 138 адам ұсталып, оның 97-сіне қатысты сотпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Тексеру барысында санитарлық-тұрмыстық талаптарды және ұстау режимін сақтау мәселелеріне қатысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.
Қадағалау шараларының нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады.
#Әділдік
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы