Іс-шараның мақсаты – жүргізушілерге арнайы дабыл шамдары мен дыбыс белгісі қосылған арнайы көліктерге уақытылы жол беру қажеттілігін еске салу, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық санасы мен жауапкершілігін арттыру.
Акция аясында прокуратура, төтенше жағдайлар қызметі және полиция өкілдері арнайы көлікпен қала көшелерін аралап, жүргізушілердің арнайы қызмет көліктеріне қалай әрекет ететінін бақылап шықты.
Сонымен қатар, Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс прокуратурасының қызметкерлері жол қозғалысы кезінде туындайтын қауіп-қатерлер мен құқықбұзушылықтар туралы мәлімдеді. «Біздің міндетіміз — тек қана жазалау емес, сонымен қатар түсіндіру, алдын алу және ескерту шараларын жүргізу. Жол-көлік оқиғалары әрдайым прокуратура органдарының жіті назарында.
Жол қозғалысына қатысушылардың назарына: автокөлік иелері арнайы көлікке жол беру кезінде тоқтау сызығын кесіп өту немесе бағдаршам мен арнайы жолақтарда орнатылған бақылау камералары түсіріп алған жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы