Бүгін, 26 маусымда «Заң және Тәртіп» апталық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жастар арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алуға ерекше көңіл бөлді.
Іс-шаралар шеңберінде Өскемен қаласы және Алтай ауданы прокуратураларының ұйымдастыруымен мектептің жоғары сынып оқушылары арасында байқау өткізілді.
Оқушылар өздерінің шығармашылық суреттері арқылы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасына деген көзқарастарын білдірді. Әсіресе, парақорлық пен өзге де құқықбұзушылық түрлеріне төзбеушілікке ерекше мән берілді.
Аталған іс-шара өсіп келе жатқан жас ұрпақтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыруға қосымша ынталандыру болды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы