2025 жылғы 26 маусымда ШҚО Прокуратурасы “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында халыққа тәуелділіктің алдын алуға және құқықтық білім беруге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.

2025 жылғы 26 маусымда ШҚО Прокуратурасы “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында халыққа тәуелділіктің алдын алуға және құқықтық білім беруге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.

           Облыстық наркологиялық диспансерде “Білу -өмір сүру!" атты ашық есік күні өтті. Онда прокуратура қызметкерлері емделушілермен кездесті. Олармен психоактивті заттарды қолданудың салдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету туралы түсіндірме әңгіме жүргізді. Соңында қатысушыларға ШҚО Прокуратурасы түсірген есірткіге тәуелділік мәселесін қозғайтын "Еркіндік елесі" тақырыптық фильмі көрсетілді.

           Сондай-ақ, "Гидросталь" ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті, онда лудоманияның алдын алуға қатысты мәселелер талқыланды. Прокуратура өкілдері құқықтық кеңес беріп, өзекті проблемалық мәселелерді анықтап, ақпараттық жадынамалар таратты.

        Осы күні пробациялық бақылауда тұрған адамдармен "ашық диалог" ұйымдастырылды. Кездесу аясында прокурорлар қатысушыларға саналы таңдау мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған "Адал Азамат" қағидатына ерекше назар аудара отырып, олардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілік шараларын түсіндірді.

         Бұл күні жастар өзін белсенді көрсетті. Облыстың барлық өңірлерінде оқушылар мен студенттер флешмобтар ұйымдастырды, онда олар есірткіге және лудоманияға төзбеушіліктің азаматтық ұстанымын көрсетті.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы