Қазақстан Республикасы Президентінің қоғам игілігі үшін активтерді қайтару және оларды одан әрі пайдалану жөніндегі тапсырмасын орындау аясында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Активтерді қайтару жөніндегі комитет қайтарылған қаражатты заңды экономикалық айналымға ашық әрі тиімді тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміз бойынша 333 әлеуметтік нысанның құрылысын мақұлдады. Бұл бастама өңірлерді дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында да, прокурорлардың бастамасымен қайтарылған активтер есебінен денсаулық сақтау және коммуналдық инфрақұрылым салаларында жеті әлеуметтік нысанды салу және жаңғырту жоспарланып отыр.
Әсіресе, ауызсумен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта Ұлан ауданының Асубұлақ, Бозанбай және Отрадное елді мекендерінде су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 1 073 үй (шамамен 3 679 адам) және 30 әлеуметтік және қоғамдық нысан сапалы ауызсумен қамтылады.
Атқарылып жатқан шаралар ауыл тұрғындарын таза ауызсумен тұрақты қамтуды, санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсартуды және елді мекендердегі өмір сүру деңгейін арттыруды мақсат етеді.
Әлеуметтік нысандар құрылысының барысы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
#Заң_мен_Тәртіп
#Заңүстемдігі
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы