Қаржылық қауіпсіздік күні: Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» акциясын жалғастыруда

Қаржылық қауіпсіздік күні: Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» акциясын жалғастыруда

       25 маусым – «Заң мен  Тәртіп апталығы» аясындағы күн қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Облыс прокуратурасының қызметкерлері өңір тұрғындарына қаржы саласындағы қырағылық пен құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын еске салды.

       Іс-шаралар барысында прокурорлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, интернет пен телефон арқылы жасалатын өзекті алаяқтық схемалары туралы баяндады. Кездесулер барысында ерекше көңіл үлкен жастағы азаматтарға бөлінді, себебі бұл санаттағы тұрғындар алаяқтық әрекеттерге ең осал болып табылады.

        Сонымен қатар, облыстың барлық өңірлерінде прокурорлар тұрғындарға сақтық шаралары және құқық қорғау органдарының байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық парақшаларды таратты.

       Облыс орталығының көше экрандарында, сондай-ақ барлық қалалар мен аудандардағы ХҚКО-да алаяқтықтың кең таралған тәсілдерін түсіндіретін бейнематериалдар көрсетілді.

       Облыстың өңірлік коммуникациялар қызметінде ШҚО прокуратурасы, ЭТД және ПД өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Азаматтарға алаяқтарды қалай тануға болатыны, күдікті қоңыраулар кезінде не істеу керектігі, сондай-ақ алдау әрекеттері болған жағдайда қайда жүгіну қажет екені түсіндірілді.

       Прокуратура облыс тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасайды. Есте сақтаңыздар! Сіздің хабардар болуыңыз – алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы. Қылмыстық әрекеттерге тек бірлесе отырып тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы