Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 10 млрд теңгелік инвестициялық жобаның бұзылуына жол бермеді

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 10 млрд теңгелік инвестициялық жобаның бұзылуына жол бермеді

      Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында «Мойылды Байқоңыр» ЖШС-нің сүт-тауар фермасының құрылысы белсенді жүргізілуде.

     Жоба өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

       Ол үшін 2024 жылдың басында инвестор, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы және «Ертіс» ӘКК 4,6 млрд теңгеге мемлекеттік қарыз беру туралы үшжақты шарттар жасасты.

       Нысанды 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған болатын, бірақ инвесторға тәуелді емес объективті себептер бойынша облыс әкімдігінің уәкілетті комиссиясы бұл мерзімді 2025 жылдың желтоқсанына дейін ұзартты.

       Осыған қарамастан, «Ертіс» ӘКК шартты бұзуды талап етіп, сот процесіне бастамашылық жасады, бұл 50 жұмыс орнын құруды көздейтін жобаны іске асыруға қауіп төндірді.

       Жағдай облыс прокуратурасының араласуынан кейін шешілді. Қадағалау органы талап арызды қайтарып алуға қол жеткізді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

        Инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

       Естеріңізге сала кетейік, егер сіз инвестор болсаңыз және жобаны іске асыруда проблемаларыңыз болса, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының call-орталығына:  8 (7232) 24-55-03, 8 (707) 144-00-16 телефондары арқылы хабарласа аласыз.

#АдалАзамат

#Әділдік

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы