ШҚО Үйлестіру кеңесінің отырысында құқық бұзушылықтардың өзекті түрлерінің алдын алу шаралары талқыланды

ШҚО Үйлестіру кеңесінің отырысында құқық бұзушылықтардың өзекті түрлерінің алдын алу шаралары талқыланды

        Отырыс  Шығыс-Қазақстан облысының прокуроры А. Байшолақовтың төрағалығымен өтті. Сонымен қатар, отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.М. Омар, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары  мен өкілдері қатысты.

       Отырыстың негізгі тақырыбы ағымдағы 5 айдың қорытындысы бойынша тіркеудің 0,6% - ға (1995-тен 2007-ге дейінгі құқық бұзушылықтардың), сондай-ақ олардың жекелеген  түрлерінің алдын алу шараларының шамалы ұлғаюымен сипатталатын өңірдегі криминогендік жағдайды талқылау болды.

       Есірткі, алаяқтық қылмыстар, жеке адамға, кәмелетке толмағандар мен отбасылық тұрмыстағы салалардағы қылмыстардың, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер қылмысының алдын алуға ерекше назар аударылды.

       Алкогольдің заңсыз айналымына қарсы күрес, қайталанған құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу, жастармен жұмыс жасау және оқушыларды профилактикалық іс-шараларға тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалар тыңдалды.

        Облыс прокуроры жергілікті жерлерде жүйелі профилактикалық жұмыстарды және барлық мүдделі құрылымдардың келісілген іс-қимылдарын іске асыру қажеттігін, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне келгенде, барлық мемлекеттік құрылымдардың бірлескен жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.

      Отырыс қорытындысы бойынша өңірдегі қылмыс деңгейін төмендетуге және алуға бағытталған бірқатар нақты ұсынымдар әзірленді.

     «Біздің ортақ мақсатымыз – халық үшін қауіпсіз орта құру. Бұл «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы негізгі міндеттердің бірі» - деп облыс прокуроры А.Байшолақов отырыс соңында атап өтті.

#Заң_мен_Тәртіп 

 Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы