Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Эксперттік Кеңес құру туралы

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Эксперттік Кеңес құру туралы

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын сапалы жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Эксперттік Кеңес құрылды.

Оның құрамына «Атамекен» ҰКП және уәкілетті органдардың өкілдері,  сондай-ақ тауар өндірушілер, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары, автожол кәсіпорындары, автотасымалдаушылар одағы, балықшылар, аңшылық шаруашылығы субъектілері қауымдастықтары мен  Бірлестіктерінің төрағалары кірді. Кеңес Төрағасы  - Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болып табылады.

Консультациялық-кеңесші органның негізгі басымдығы - мемлекеттік қолдау тетігін жетілдіру және кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

Бұдан басқа, Кеңестің қызметі бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуына жол бермеу және құқық қорғау органдары мен бизнес өкілдері арасындағы кәсіпкерлік саласындағы заң бұзушылықтар туралы ақпаратпен жедел алмасу бойынша бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталатын болады.

Кеңес мүшелері тоқсан сайынғы отырыстарда кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылайды. Оларды дәйектеп іске асыруын Эксперттік Кеңестің жұмыс органы – прокуратура,  жауапты мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен тұратын сараптаушы топ айналысатын болады.

Сонымен қатар, әрбір заң бұзушылық фактісіне жедел ықпал ету мақсатында барлық деңгейдегі прокуратураларда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ұтқыр топтар жұмыс істейді. Топ құрамына прокуратура қызметкерлерінен басқа «Nur Otan» партиясы филиалының, «Атамекен» аумақтық кәсіпкерлер Палатасының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді.

Барлық заң бұзушылықтар мен заңсыз тексерулер жүргізу фактілері туралы кәсіпкерлер облыс прокуратурасының ведомстволық сайтында көрсетілген сенім телефондары арқылы хабарлай алады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/46099?fbclid=IwAR3K4SEcKuYNPgk7P8zuGSgdyP0NMGKsP_PPtuni08xJ4YaZcjRUYOhEihg&lang=kk 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы