Шығыс Қазақстан облысында прокуратура қызметкерлері арасында үстел теннисінен республикалық турнир өтті

Шығыс Қазақстан облысында прокуратура қызметкерлері арасында үстел теннисінен республикалық турнир өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлері арасында үстел теннисінен республикалық турнир өтті.

Спорттық іс-шара халықтың ерлігін мәңгі есте сақтау, отансүйгіштікке тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау арқылы ұжымдық рухты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Жарысқа Бас прокуратураның, барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың, Бас көлік және Бас әскери прокуратуралардың, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу мен Активтерді қайтару комитеттерінің, Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері қатысты.

Байқауға қатысушыларға облыс прокуроры Алмат Байшолақов құттықтау сөз сөйлеп, прокуратура қызметкерлеріне ел үшін маңызды оқиғаларға қатысуға, сабақтастық пен корпоративтік мәдениетті сақтауға мүмкіндік беретін мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара еліміздің барлық өңірлерінен келген әріптестер арасында кәсіби әрі спорттық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды. Турнирге қатысушылар – ерлер де, әйелдер де – жоғары физикалық дайындықтарын, жеңіске деген жігерлерін және тарихи жадыға деген құрметтерін көрсетті.

Қызықты әрі тартысты ойындардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Ерлер арасында:

1 орын – Абзал Табылдаұлы Тезекбаев, Ақмола облысының прокуратурасы басқармасының  аға прокуроры

2 орын –Бақытжан Кәрібекұлы Шынасылов, Бас Прокурордың аға көмекшісі

3 орын – Данияр Жомартұлы Куртаев, Солтүстік Қазақстан облысының  Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры

Әйелдер:

1 орын – Қарлығаш Серікқызы Есенова, Қарағанды облысының Шахтинск қаласы прокуратурасының аға прокуроры

2 орын –  Сәлімжан Серкбайқызы Жақұбаева, Павлодар облысының прокуратурасы басқармасының аға прокуроры

3 орын – Ақгүл Сәрсенбекқызы Жайлаубаева, Шымкент қаласы прокуратурасының бас маманы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнирге қатысушылардың барлығы жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қатысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы