Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2023 жылғы 21 ақпандағы
№65 бұйрығымен бекітілді
2023 жылғы 18 шілдедегі №146,
2023 жылғы 26 желтоқсандағы №231,
2023 жылғы 30 желтоқсандағы №237,
2024 жылғы 26 наурыздағы №42,
2024 жылғы 5 тамыздағы №100
Бас Прокурордың бұйрықтарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық
қудалаудың заңдылығын қадағалауды
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) прокуратура органдарының cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК), «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының және өзге де заңнаманың қолданылуын нақтылайды.
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру;
2) заңдылықтың бұзылуын, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою;
3) құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қылмыстылықпен күрес саласындағы қызметін үйлестіру болып табылады.
1) қылмыстық процесте адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, азаптаулардың алдын алу және олардың профилактикасы;
2) қылмыстық процеске қатысушылардың жолданымдарын сапалы және уақтылы қарау;
3) қылмыстық процеске қатысушыларға қылмыстық құқық бұзушылықтар келтірген залалды өтеу құқықтарын қамтамасыз ету;
4) кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша ерекше қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
аражігін ажырату
1) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың қызметі[1] республика бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау саласындағы жұмысты ұйымдастырады және қылмыстық қудалау органдарының орталық аппараттарының (әскерилерді қоспағанда), Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің және Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша қадағалауды жүзеге асырады.
Бас прокуратура басшылығының жазбаша тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары тергейтін нақты істер бойынша қадағалауды Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың прокуратураларына, Бас әскери прокуратураға, Бас көлік прокуратурасына[2] жүктеуге жол беріледі.
Сондай-ақ облыстардың прокуратуралары Бас прокуратура басшылығының не Қызмет бастығының тапсырмалары бойынша жекелеген тергеу әрекеттерінің және процестік шешімдердің заңдылығын тексереді, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары тергеп-тексеретін қылмыстық істер бойынша жекелеген процестік шешімдерді келіседі.
2) облыстардың прокуратуралары сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары облыстық аппараттарының іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша қадағалауды жүзеге асырады.
Бас әскери прокуратура мен Бас көлік прокуратурасы басшылығының жазбаша тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының облыстық аппараттары тергеп-тексеретін нақты істер бойынша қадағалауды аумақтық әскери және көлік прокуратураларына жүктеуге жол беріледі.
3) Бас әскери прокуратура және оған бағынысты прокуратуралар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерінде, әскери құралымдарында, құрамаларында және мекемелерінде əскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге; əскери жиынды өткеруі кезіндегі запастағы азаматтарға; əскери міндеттерін өтеуге байланысты əскери бөлімдерде, құрамаларда және мекемелерде немесе осы бөлімдерде орналасқан орындарында азаматтық қызметші адамдарға; мемлекеттің қорғаныс және әскери қауіпсіздігі саласында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты істер бойынша қадағалауды жүзеге асырады;
4) Бас көлік прокуратурасы және оған бағынысты прокуратуралар автомобиль (халықаралық жəне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу бөлігінде), темір жол, теңіз, ішкі су, əуе көлігі, метрополитен объектілерінде, сондай-ақ ғарыш қызметіне, құбыр көлігі (су құбырын және құбыр көлігінде жымқыру (ойып салу) фактілерін қоспағанда) объектілеріндегі апаттарға байланысты, кеден саласында жəне осы салалардың мекемелері, кəсіпорындары жəне ұйымдарында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қадағалауды жүзеге асырады;
5) аудандардың, қалалардың прокуратуралары және оларға теңестірілген (әскери, табиғат қорғау, көлік, арнайы объектілер)[3] прокуратуралар тергеп-тексеру органдарының қалалық, аудандық және оларға теңестірілген бөлімшелерінің қылмыстық істері бойынша қадағалауды жүзеге асырады.
Процестік құжаттарды қарау, келісу, қол қою және бекіту сұлбасы, сондай-ақ қабылданатын процестік шешімдерді келісу (бекіту) бойынша прокурорлардың іс-қимыл алгоритмі осы Нұсқаулықтың № 2, 3 қосымшаларында көрсетілген.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше оқиғалар (террористік актілер, оқ-дәрілердің жарылыстары, өрт, табиғи катаклизмдер) туындаған жағдайда прокурор қарулы қылмыстар тоқтатылып, терроризмге қарсы іс-шаралар, жедел-құтқару жұмыстары жүргізіліп, салдары жойылғаннан кейін оқиға болған жерді қарап-тексеруге қатысуға кіріседі.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың дұрыс сараланбау фактісі анықталған жағдайда прокурор дереу кінәлі адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені қарай отырып, ҚПК-нің 207-бабының 1-бөлігі тәртібінде оның саралануын өзгерту туралы қаулы шығарады.
Қорытындыда:
1) тергеп-тексеруді жүргізген тұлғаның және оның басшысының;
2) қылмыстық істі қадағалаған прокурордың, сондай-ақ прокуратура басшысының;
3) заңнамада белгіленген жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін басқа тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңдылығына баға беріледі.
Бұл ретте кәсіпкерлік субъектісінің бұзылған құқықтарын анықтау, жою және қалпына келтіру бойынша прокурордың шараларды уақтылы қабылдауы ескеріледі.
Қорытынды мен мәжілістің хаттамасы мәжіліс өткізілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қызметке ұсынылады.
Қызметтің аймақтық прокуроры қабылданған шаралардың заңдылығы мен негізділігін тексереді және қорытындыны зерделеу нәтижелері бойынша 7 жұмыс күні ішінде анықтама жасалып, Қызмет басшылығымен келісіледі.
9.1. Инвесторға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуының заңдылығын тексеру және тергеп-тексерудің заңдылығын одан әрі қадағалауды жүзеге асыру Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстардың прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарларына жүктеледі.
Қылмыстық қудалау органдарында есепке алу-тіркеу тәртібінің[8] сақталуын және уәкілетті органдар мен ұйымдарда қылмыстық сипаттағы ақпараттың түсуі туралы мәліметтерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына жолдау туралы шешімдерін тексеруді (мысалы, дене жарақаты бар адамдардың жүгіну фактілері, салықтық тексерулердің нәтижелері және т.б.) ай сайын жүргізеді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалаушы прокурорлар ҚПК-нің 193-бабында көзделген шараларды қабылдайды.
Есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде қадағалаушы прокурорлар мен ҚСжАЕК қызметкерлерінің өзара іс-қимылы жедел және тікелей ақпарат алмасуға, сондай-ақ бірлесіп тексерулер жүргізуге негізделеді.»;
Есепке алу-тіркеу тәртібі талаптарының анықталған бұзушылықтары бойынша ҚСжАЕК қызметкерлері мынадай шараларды қабылдайды:
1) СДТБТ-да тіркеу туралы мәселені шешу үшін тексеру материалдарын қоса бере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы есепке алудан жасырылған арыздар мен хабарламаларды қадағалаушы прокурорға жібереді;
2) прокурорлық қадағалау актілерін енгізеді.
Бас прокуратурада және Комитетте – Қызметпен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын прокурорлар іс жүргізуге қабылдау туралы мәселесі қаралған жағдайда – Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметімен, ал Комитеттің іс жүргізуіне – оның Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасарымен;
облыс прокуратурасында – ҚП бөлімшесімен, ал сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын прокурорларды іс-жүргізуге қабылдау туралы мәселесі қаралған жағдайда – Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Келісу басқа құрылымдық бөлімшелерден материалдар алынған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қала, аудан прокуратуралары мен облыс прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау саласы бойынша анықтаған материалдарды СДТБТ-да тіркеу туралы баянатты облыс прокуроры не оны алмастыратын адам келіседі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеп-тексеру қызметі органдары тергеп-тексеретін қылмыстық істер, сондай-ақ ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер СДТБТ-да тіркелген кезден бастап іс бойынша қорытынды шешім қабылданғанға дейін әрбір 15 тәулік сайын зерделенеді.
Тергеп-тексерудің электрондық форматы айқындалғанға дейін заттай дәлелдемелер мен қағаз жеткізгіштерде жасалған құжаттардың түпнұсқаларын қоспағанда, қылмыстық қудалау органдарынан іс жүргізудегі, іс жүргізумен үзілген немесе тоқтатылған электрондық қылмыстық істердің[9] қағаз материалдарын талап етуге тыйым салынады.
тексерілетін кезеңде жүргізілген, адамның құқықтары мен бостандықтарын, бизнес пен мемлекеттің мүдделерін қозғайтын процестік әрекеттердің (тінту, алу, мүлікке тыйым салу және т. б.) заңдылығы мен негізділігін;
процестік мерзімдердің және тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің сақталуын тексереді.
Прокурор істі зерделеу нәтижелері бойынша:
заңсыз процестік шешімдердің күшін жояды;
ҚПК-нің талаптарын бұза отырып алынған нақты деректерді дәлелдемелер ретінде рұқсат берілмейтін деректер деп тану туралы қаулылар шығарады;
сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру үшін қисынды мерзімдер белгілей отырып, іс бойынша жазбаша нұсқаулар береді.
Құпиялылық режимінде тергеп-тексерілетін қылмыстық істер бойынша мәліметтерді жария етуге жол бермейтін қорытынды жасалады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін 6 айдан астам ұзарту не оны ұзартудан бас тарту мәселелері қылмыстық істі тергеп-тексеру ұзақтығының себептерін анықтап және ықпал ету шараларын қабылдай отырып, облыс прокуроры жанындағы жедел кеңесте талқыланады.
Облыс прокуроры жанындағы жедел кеңесте сондай-ақ прокурор шешімнің күшін жоюға немесе бекітуден және келісуден бас тартуға, істерді қосымша тергеп-тексеру үшін қайтаруға байланысты ҚПК-нің 192-бабы 7-бөлігінің тәртібінде тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімдерін белгілеген 6 айдан астам мерзімдегі істерді тергеп-тексерудің себептері талқыланады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін 6 айдан астам ұзарту, ұзартудан бас тарту, іс жүзінде 6 айдан астам тергеп-тексерілетін істер бойынша ақылға қонымды мерзімдерді белгілеу себептері туралы 24 сағат ішінде кеңес хаттамасын, прокурорлық ықпал ету актісін, жаза туралы бұйрықты қоса бере отырып, Бас прокуратураның басшылығына хабардар етіледі.
қаулылар келіп түскен кезден бастап прокурор дереу, бірақ бір тәуліктен кешіктірмей қаулыларды келісу туралы шешім қабылдайды немесе дәлелді қаулымен оларды келісуден бас тартады.
Егер тәуліктің аяқталуы жұмыс істемейтін күнге келетін болса, онда осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ҚПК-нің 48-бабының 4-бөлігіне сәйкес одан кейінгі жұмыс мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Адамды күдікті деп тану, оның іс-әрекеттерін саралау, күдіктінің іс-әрекетін саралауды өзгерту немесе толықтыру туралы қаулылардың заңдылығын тексеру кезінде адамның жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы барын және қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді (қылмыстық қудалауды) болғызбайтын мән-жайлардың болмауын көрсететін тиісті және жол берілетін дәлелдемелердің (оларды басқа нақты деректермен салыстыруды қоса алғанда) жеткілікті жиынтығының болуы, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда адамды күдікті деп тану және одан жауап алу туралы қаулы шығарудың негізділігі анықталады.
Кәмелетке толмағандарға қатысты аталған бұлтартпау шараларын таңдау мәселелеріне ерекше назар аударылады (ҚПК-нің 541-бабы).
Прокурор адамды ұстау мерзімі ішінде, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген адамнан оны ұстау орны бойынша ҚПК-нің 147-бабының 2-бөлігінде көзделген тәртіппен міндетті түрде жауап алады.
Прокурор жауап алу барысында айғақтар берудің еріктілігін, күдіктіге қатысты азаптауды не тергеудің басқа да рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілерінің болуын анықтайды. Прокурор ҚПК-нің 210-бабында көзделген тәртіппен, дыбыс және бейнежазбаларды қолдана отырып, оның ішінде қажеттілікке байланысты қылмыстық қудалау органдарының мамандарын (криминалистерін) қатыстырып, жауап алуды жүргізеді. Жауап алу хаттамасы қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеледі.
Күдік үшін негіздердің жеткіліксіздігі себептері бойынша өтінішхатты қолдаудан бас тартқан жағдайда, прокурор күдікті деп тану және оның әрекетін саралау туралы қаулыны келісуден бас тартады.
Прокурордың күзетпен ұстауға санкция беру немесе мерзімдерін ұзарту не соттың күзетпен ұстау мерзімін санкциялаудан немесе ұзартудан, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында бұл бұлтартпау шарасын өзгерту немесе жою туралы өтінішхатты қолдаудан бас тартуының әрбір фактісі туралы арнайы хабарлама 24 сағат ішінде Қызметке жіберіледі.
Барлық келіп түскен арнайы хабарламалар бойынша Қызметтің аймақтық прокуроры 3 күн мерзімде заңдылық туралы анықтама жасайды, ол туралы Қызметтің басшылығына баяндалады.
қылмыстық істің құқықтық және іс жүзіндегі күрделілігін, сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысушылардың процестік құқықтарын іске асыруды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тергеу әрекеттерін ұзарту себептерін, қарқындылығын, уақтылығын және реттілігін;
материалдарды прокурорға және сотқа ұсыну мерзімдері мен рәсімдерінің сақталуын (ҚПК-нің 151-бабы) тексереді.
Күзетпен ұстау және үйқамаққа алу мерзімін тергеп-тексеру мерзімінен артық ұзартуға жол берілмейді.
Күзетпен ұстау мерзімін 6 айдан астам ұзарту немесе мерзімді ұзартудан бас тарту мәселелері бойынша облыс прокуроры жанындағы жедел кеңесте күдіктіні күзетпен ұстау мерзімін ұзақтылығының себептерін анықтап, ықпал ету шараларын қабылдаумен және кеңестің тиісті хаттамасын жасаумен талқыланады.
Кеңес хаттамасын, прокурорлық ықпал ету актісін, жазалау туралы бұйрықты қоса бере отырып, күзетпен ұстау мерзімін 6 айдан астам ұзарту не ұзартудан бас тарту себептері туралы 24 сағат ішінде Бас прокуратураның басшылығына хабардар етіледі.
Тергеп-тексеру органдарының материалдарды ұсыну мерзімдерін бұзуы қабылдаудан және қараудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
Бекіту (санкция) қаулының бірінші парағының оң жақ жоғарғы бұрышында тиісті бұрыштамамен көрсетіледі, прокуратураның елтаңбалық мөрімен расталады (е-ҚІ бойынша бұрыштаманы елтаңбалы мөрмен куәландыру талап етілмейді).
Орнын ауыстырудан (этаппен жөнелтуден) прокурордың бас тартуы уәждері мен негіздері көрсетіле отырып, хатпен ресімделеді.
Тергеулігі бойынша басқа облысқа берілген қылмыстық істерді қайтару Қызмет арқылы жүргізіледі, онда іс бойынша қабылданған процестік шешімдердің негізділігін зерделеу олар келіп түскен кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қылмыстық істі құқық қорғау немесе арнаулы орган орталық аппаратының іс жүргізуіне беру Қызмет арқылы жүргізіледі.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда, прокурор дереу жоғары тұрған прокурорға қылмыстық іс бойынша тергеулігін айқындау туралы өтінішхат жібереді. Жоғары тұрған прокурор өтінішхат келіп түскен кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде ҚПК-нің 186, 193-баптарының тәртібімен тергеулігін айқындау туралы қаулы шығарады.
е-ҚІ бойынша ұстаным қылмыстық істі ұсынуынсыз жазбаша түрде баяндалады.
республика шегінде – Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы;
облыс шегінде – облыс прокуроры, оның орынбасарлары;
әскери қызметшілерге және көлік прокурорларының қадағалауындағы адамға қатысты – тиісінше Бас әскери және Бас көлік прокурорлары мен олардың орынбасарлары айқындайды.
Азаптау туралы қылмыстық істерді тергеуді қадағалауды тек облыстардың прокуратуралары жүзеге асырады. Азаптау туралы қылмыстық істі тергеуді ҚП прокурорларына тапсыруға жол берілмейді.
Қылмыстық істі талап ету және зерделеу қажет болған жағдайларда, келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешімді прокурор үзу туралы қаулы келіп түскен кезден бастап 10 тәулік ішінде қабылдайды.
Қылмыстық іс қаулыға келісуді не келісуден бас тартуды білдіргеннен кейін дереу қылмыстық қудалау органына қайтарылады.
Іс не қылмыстық қудалау толық көлемде немесе бір бөлігінде дербес тоқтатылған кезде, жоғарыда аталған мәліметтерді прокурор тиісті қаулының қарар бөлігінде көрсетеді.
Көрсетілген мәселелерді шешу және мүдделі адамдарды хабардар ету үшін прокурордың қаулысы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген адамға жіберіледі.
Қылмыстық іс күрделі, көп эпизодты (екі және одан да көп эпизод) болған жағдайда прокурор бір айға дейінгі мерзімде айыптау актісін жасайды. Бұл ретте, істің күрделілігін айқындау кезінде жәбірленушілердің немесе күдіктілердің едәуір санының болуы, қоғамдық резонанс, істің көп томдығы ескеріледі.
Прокурордың құзыретіне жататын істер бойынша айыптау актісін жасау кезінде сотқа беру туралы қаулы талап етілмейді.
Негізгі процестік шешімді[11] келісу не бекіту үшін мерзімді есептеу қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адам оны СДТБТ-да енгізген кезден, сондай-ақ қылмыстық іс прокуратура кеңсесіне келіп түскен күннен басталады (мерзімі үзілген қылмыстық істерді қоспағанда, келісу мерзімін есептеу шешімді СДТБТ-ға енгізген кезден басталады).
Ұстап алу, күзетпен, ұстау, үйқамақ және медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу кезіндегі мерзімдерді есептеу жағдайларын қоспағанда, мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.
Жоғары тұрған прокуратура негізгі процестік шешімінің күшін жойған қылмыстық іс бойынша, жоғары тұрған прокуратура нұсқауларының іс жүргізуге уақтылы қабылдануын, орындалу толықтығы мен сапасын қадағалаушы прокурор қамтамасыз етеді.
Қылмыстық іс бойынша одан әрі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған процестік шешім туралы оны қабылдаған кезден бастап 3 тәулік ішінде күшін жою туралы қаулыға қол қойған жоғары тұрған прокурор хабардар етіледі.
Қадағалау актісін қолдау және жөнелту мәселесі келіп түскен кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралады.
ҚПК-нің 59 және 62-баптарында көзделген өкілеттіктер шегінде қарауға жататын сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар келіп түскен сәттен бастап 3 тәулік ішінде тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына қарау үшін қайта жіберіледі.
Тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының өтінішхаттары ҚПК-нің 99-бабының 4-бөлігінде көзделген мерзімдер шегінде, яғни өтініш берілген күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей прокурордың қарауына және шешуіне жатады.
Қаралуы ҚПК-нің 193-бабында көзделген прокурордың айрықша құзыретіне жататын процестік әрекеттер мен шешімдерге шағымдар қайта жіберуге жатпайды.
Шағымды қарауды тапсыруға, шешуге қатысуға, әрекеттеріне шағым жасалып отырған прокурорға, сол сияқты шағымданатын процестік шешімді бекіткен және келіскен лауазымды адамға жауап беруге тыйым салынады.
Ерекше жағдайларда прокуратура басшысы объективтілік пен жеткіліктілікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ «мүдделер қақтығысы» туындаған кезде шағымды қарауды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асырмайтын прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тапсыруға құқылы.
ҚПК-нің 105-бабында көзделген тәртіпте процеске қатысушылардың жолданымдарын қарау нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша қадағалауды тікелей жүзеге асыратын прокуратура уәжді қаулы шығарады.
ҚПК-нің 106-бабында көрсетілген мәселелер бойынша шағымды қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда, қаулының қарар бөлігінде арыз иесіне оның тергеу сотына шағымдану құқығы бір мезгілде түсіндіріледі.
Шағымды қарау нәтижелері және қабылданған шешім туралы оны қабылдаған сәттен бастап 3 тәулік ішінде шағымды қайта жіберген жоғары тұрған прокурор хабардар етіледі.
Қылмыстық іс бойынша қадағалауды жүзеге асырмайтын жоғары тұрған прокуратура төменгі тұрған прокуратураның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымға жауапты хат нысанында жібереді.
Қылмыстық іс бойынша одан әрі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған процестік шешім туралы оны қабылдаған кезден бастап 3 тәулік ішінде шағымды қараған жоғары тұрған прокурор хабардар етіледі.
Жоғары тұрған прокуратура шағымды қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен тергеу сотына шағымдану құқығы түсіндіріледі.
Прокурорлардың талдамалық қызметі Қызметте және облыс прокуратураларында нысаналық және аймақтық қағидаттар бойынша ұйымдастырылады.
Төмен тұрған прокуратуралардың және олардың қадағалауындағы қылмыстық қудалау органдарының қызметінде анықталған бұзушылықтар сыни ескертулер, экспресс-талдаулар немесе талдаулар, анықтамалар және қорытулар (шолу) түріндегі ақпараттық хаттар түрінде ресімделеді.
1) құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың қылмыстылықпен күрес саласындағы қызметін үйлестіру;
2) қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында, оның ішінде азаптауларға қарсы іс-қимыл бойынша адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау;
3) НПШ келісу және бекіту, прокурорлардың айыптау актілерін жасауы, сондай-ақ процестік прокурорлардың жұмысы туралы практикасы;
4) қылмыстық процеске қатысушылардың жолданымдарын, сондай-ақ ҚПК-нің 105 және 106-баптарының тәртібімен қаралған шағымдарды қарау кезіндегі заңдылықтың;
5) қылмыстық құқық бұзушылықтардан келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз ету жөніндегі заңдылықтың;
6) адам өлтіру, адам саудасы, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстар және жеке адамға қарсы өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қадағалау;
7) алаяқтық, қаржы пирамидалары және өзге де мүліктік қылмыстар туралы істер бойынша қадағалау;
8) сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қадағалау, оның ішінде бизнесті қорғау бойынша қолданылатын шаралар туралы;
9) есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы туралы істер бойынша қадағалау;
10) ұйымдасқан қылмыстық топтар, терроризм және экстремизм туралы істер бойынша қадағалау;
11) қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздарды, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалау жай-күйін талдайды.
66. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалау саласындағы қадағалау қызметінің тиімділігі осы Нұсқаулыққа №4 қосымшадағы өлшемшарттарға сәйкес бағаланады.
[1] Әрі қарай мәтін бойынша «Қызмет»
[2] Әрі қарай мәтін бойынша «облыс прокуратуралары»
[3] Әрі қарай мәтін бойынша «қала, аудан прокуратуралары»
[4] Әрі қарай мәтін бойынша «СДТБТ»
[5] «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығы
[6] Қадағалаушы прокурорлар – Қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімшелер прокурорлары. Әрі қарай мәтін бойынша «ҚҚ»
[7] Әрі қарай мәтін бойынша «ҚСжАЕК»
[8] Есепке алу-тіркеу тәртібі - қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және есепке алу заңдылығын қадағалау.
[9] Әрі қарай мәтін бойынша «е-ІҚ»
[10] Әрі қарай мәтін бойынша «ЖТӘ»
[11] Әрі қарай мәтін бойынша «НПШ»
[12] Әрі қарай мәтін бойынша «ЖІҚ»
[13] Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау бөлімшелері