Ұлытау облысында баланы ұрғаны үшін балабақша тәрбиешісі сотталды

Ұлытау облысында баланы ұрғаны үшін балабақша тәрбиешісі сотталды

Жезқазған қаласында балабақша тәрбиешісі үш жасар баланы ұрып жіберген.

Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сотта тәрбиеші жасалған құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады, бірақ оның кінәсі іс бойынша ұсынылған дәлелдемелермен, атап айтқанда балабақшадағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасымен расталды.

Тәрбиешіге 3 жылға мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды.

Сот үкімі күшіне енбеген.

#Заң_мен_Тәртіп