Бюджет қаражатын жымқыру фактісі

Бюджет қаражатын жымқыру фактісі

Ұлытау облысы прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы қоныс аудару бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Сәтпаев қаласы әкімдігінің ТҚШ бұрынғы басшысы мен басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, іс жүзінде жоқ ғимаратты мемлекеттік мұқтаждық үшін жалған сатып алу арқылы 91 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен  жымқырды деп айыпталуда.

Тергеу барысында күдіктілерге қатысты әр түрлі бұлтартпау шаралары қолданылып, олардың мүліктеріне тыйым салынды.

07.03.2025 ж. қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1)  тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық  жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

 

#Заң_мен_тәртіп