Ұлытау облысының прокуратурасы алаяқтық фактісін анықтады

Ұлытау облысының прокуратурасы алаяқтық фактісін анықтады

Облыс прокуратурасымен «Абайлаңыз алаяқтар!» жол картасы жүзеге асырылуда.

Жол картасының негізгі мақсатының бірі - облыста «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мекемелеріне жұмысқа орналастырумен байланысты алаяқтық фактілерін анықтау болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» және «Қазақмыс Корпорциясына жұмысқа орналастыру үшін сыйақы алатын алаяқтардан абай болу» тақырыбында жұмысшыларға (3500-ден астам адамға) кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Осы жұмысты жүзеге асыру барысында ақшалай сыйақыға Корпорацияға жұмысқа тұрғызу бойынша алдап жүрген тұлға туралы прокуратурамен ақпарат алынды.

Дереу жедел іздестіру шараларымен алаяқтық жасаған облыс тұрғыны Дәуренбек анықталды.

23.12.2024ж. сотпен Дәуренбек алаяқтық қылмысына кінәлі танылд, үкім заңды күшіне енді.

 

#құқық_пен_тәртіп

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau?lang=kk