Ұлытау облысында азаптаған қызметкерлерге қатысты тергеу аяқталды

Ұлытау облысында азаптаған қызметкерлерге қатысты тергеу аяқталды

Ұлытау облысының арнайы прокурорлары  (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы) Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің (бұдан әрі - бөлім) қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушыны жеткізу барысында  азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. 

Тергеу барысында күдіктілерге кепіл және ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде туралы бұлтартпау шаралары қолданылды.

Қазіргі уақытта іске қатысушы тараптар ҚПК-нің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс құжаттарымен таныстырылып, бұдан кейін қылмыстық іс сотқа жолданатын болады.

#ЗАҢменТӘРТІП