Ұлытау облысының прокуратурасы 2024 жылы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың және тұрғындардың қатысуымен қала мен аудандарда есірткіні жарнамалайтын граффитилерді анықтау және жою бойынша рейдтер жүргізді.
Нәтижесінде 602 есірткі сайттарын жарнамалайтын граффитилер жойылды. Олар бойынша 8 қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде 1 іс сотқа жолданды, қалғандары тергеу өндірісінде.