Жезқазғанда есірткі заттарын жарнамалайтын Telegram-каналдары бұғатталды

Жезқазғанда есірткі заттарын жарнамалайтын Telegram-каналдары бұғатталды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында Жезқазған қаласы прокуратурасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналасатын 200 Telegram-каналдарды анықтады.

Қабылданған шаралармен «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы аталған есірткі сайттары бұғатталды, осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.