Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокурорлық қадағалау кәсіпкерлердің, оның ішінде инвесторлардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталған.
Қадағалау басымдықтарының бірі инвестордың алдында тұрған мәселелерді жедел шешу болып табылады.
Аталған бағыттағы атқарылған жұмыс нәтижесінде Сәтбаев қаласының прокуратурасымен инвестор «Р.Н. Ахтямов» ШҚ-ның құқығы қорғалды.
«Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасын іске асыру барысында Сәтбаев қаласының прокуратурасы инвестор «Р.Н. Ахтямов» ШҚ-ның банктік шығыс операцияларының тоқтатылғандығын анықтады.
Осыған байланысты, инвесторда шет елден сатып алынған өндірістік техникаларға төлем жүргізуде қиындықтар туындаған.
Қала прокуратурасында бірнеше рет уәкілетті орган басшыларының қатысуымен инвесторға сүйемелдеу жүргізудің арқасында, аталған мәселе оңтайлы шешімін тауып, инвестордың құқығы қалпына келтірілді.
Ұлытау облысының прокуратурасы