Қаражал қаласының прокуратурасымен мемлекеттік мүліктерді сақтау туралы заңнамасының талаптарының сақталуына талдау жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталды.
Талдау бойынша Қаражал қаласының әкімдігінің қалалық коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнымен жеке тұлғаға «LADA- 21214-187» қызметтік автокөлігін сату дерегі анықталды.
Қала прокуратурасымен аталған дерек бойынша Қаражал қаласының әкімдігінің қалалық коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының жауапты қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу келтірілген шығынды толық қайтарылуы бойынша қысқартылды, қызметтік автокөлік мемлекетке қайтарылды.
Ұлытау облысының прокуратурасы