Ұлытау облысының прокуратурасы «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналасуға қатысты алаяқтықтың жалғасып жатқан фактілері туралы хабарлайды.

Жақында «Қазақмыс корпорациясына» жұмысқа орналастыруға уәде берген таныстарына алданып қалған Сәтбаев қаласының 3 тұрғыны полиция бөлімшесіне жүгінген.

Жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келтірілді, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған ұқсас дерек бойынша облыстың 17 тұрғыны алаяқтық құрбаны болғанына назар аударамыз, 07.09.2023 жылы Сәтбаев қалалық сотының үкімімен Байжанов 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Құрметті облыс тұрғындары, алаяқтардан сақ болыңыз, туындаған мәселелерді шешудің заңсыз тәсілдеріне келіспеңіз.

Ұлытау облысының прокуратурасы