Ұлытау облысының прокуратурасы шетелдік бизнес субъектісінің құқығын қорғады

Ұлытау облысының прокуратурасы шетелдік бизнес субъектісінің құқығын қорғады

Ұлытау облысы прокуратурасының бизнесті қорғау жөніндегі мобильдік тобына «STECOL CORPORATION» ЖШС-ның өкілі (құрылтайшысы – шетелдік компания) жүгініп, Ұлытау облысы Полиция департаментінің (бұдан әрі – ПД) қызметкерлері заңсыз тексеріс жүргізгенін хабарлады.

Бұл компания «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы (Қызылорда-Жезқазған учаскесі)» республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысын жүзеге асырады.

Атап айтқанда, қандай да бір заңды негізсіз ПД-нің қызметкерлері жоғарыда аталған компанияның өндірістік нысанына тексеріспен барып, шетелдік маманның паспортын заңсыз алып қойғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, шетелдіктің заңсыз алынған паспорты қайтарылды және кінәлі лауазымды адамдар жауаптылыққа тартылды. 

       

 

Ұлытау облысының прокуратурасы