«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұлытау облысының прокуратурасы «Түлектен қалған мұра» атты жобаны жүзеге асыруда

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұлытау облысының прокуратурасы «Түлектен қалған мұра» атты жобаны жүзеге асыруда

 

 Ұлттық құрылтайда Президентіміз «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті, балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына бұл озық құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлінуі қажеттілігін айқындаған.

 Мемлекет басшысының бастамасымен халықтың назарын табиғаттың ластану мәселесіне аудару, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүргізіліп жатқаны баршамызға белгілі.

«Таза Қазақстан» акциясына қатысу аясында Ұлытау облысының прокуратурасы Ұлытау облысының Білім басқармасымен бірлесіп, «Түлектен қалған мұра» атты жобаны жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты - мектеп қабырғасынан бастап экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оларды еңбек арқылы тәрбиелеу.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап прокурорлар өңірдегі 88 мектептің түлектерімен бірлесіп, ағаш отырғызу және аумақты тазалау жұмыстарын бастады.

Жалпы облыс аумағында 880 ағаш отырғызу көзделген.

 

 

Ұлытау облысының прокуратурасы