Ұлытау облысының прокурорлары алимент бойынша қаскөй борышкерлерді жауаптылыққа тартты

Ұлытау облысының прокурорлары алимент бойынша қаскөй борышкерлерді жауаптылыққа тартты

Ұлытау облысының прокуратурасы сот орындаушылары алимент пен мемлекет пайдасына берешектерді өндіруге бағытталған барлық шараларды қабылдамайтынын анықтады.

Тек прокурорлардың араласуынан кейін алимент бойынша берешек 92 млн теңгеге, яғни 259 млн теңгеден 167 млн теңгеге төмендетілді.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін прокурорлар қаскөй борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 7 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабымен 6 әкімшілік іс қозғады, оның ішінде 5 борышкерге қатысты әкімшілік қамаққа алу, 1 борышкерге әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданылды.

Сот орындаушылар орындаусыз мемлекет пайдасына өндірілетін жалпы сомасы 194 млн теңгені құрайтын атқарушылық құжаттарды негізсіз кері қайтарған.

Полиция органдарымен әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлі түрде өндіруге атқарушылық құжаттарды ұсынбауынан мемлекет қазынасына 46 млн теңге түспеген.

А.ж. 29 ақпанында бұл сұрақтар Ұлытау облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды.

Барлық анықталған заңдылықты бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

Осы санаттағы атқарушылық іс жүргізулер облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.

 

Ұлытау облысының прокуратурасы