Ұлытау облысында прокуратураның актісі бойынша электр энергиясына тариф төмендетілді

Ұлытау облысында прокуратураның актісі бойынша электр энергиясына тариф төмендетілді

Прокурорлармен табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру мен бекіту негізділігіне талдау жұмыстары жүргізілді.  

        Нәтижесінде «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» АҚ бекітілген тарифтік сметада көрсетілген 522 млн теңгеден астам сомаға шығындарды растай алмағаны анықталды.

Аталған мақсатта электр энергиясымен жабдықтауға облыстың барлық тұрғындарынан түсетін қаражат пайдаланылады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаментімен а.ж. қараша айында «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» АҚ қызметтеріне уақытша өтемақы тарифі енгізілді.

        Нәтижесінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» АҚ тарифі 1 кВтсағ үшін 0,39 теңгеге (4,46 теңге/кВтсағ-тан 4,07 теңге/кВтсағ-қа) төмендетіледі.