«Мас күйінде көлік жүргізу – қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер»

«Мас күйінде көлік жүргізу – қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер»

     2026 жылғы 11 қаңтарда Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының аумағында полиция қызметкерлері алкогольдік масаңдық белгілері байқалған 45 жастағы қала тұрғыны басқарған «Volkswagen Polo» маркалы автокөлікті тоқтатты.

     Жүргізілген медициналық куәландыру нәтижесі бойынша алкогольдік масаңдықтың «жеңіл дәрежесі» анықталды.

     Тексеру барысында аталған азаматтың 2020 жылы, алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік тәртіппен 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

     Бұдан бөлек, 2022 жылы Сәтбаев қалалық сотының үкімімен мас күйінде көлік жүргізгені үшін 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған.

     Алайда түзелу жолына түспей, аталған азамат қайтадан осындай ұқсас қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

     Аталған факт бойынша Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті тұлға ұсталып, сот санкциясына дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

     Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

     Атап өту қажет, 2025 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұрып көлік жүргізгені үшін 23 адам нақты мерзімдерге сотталған.

     Облыс прокуратурасы құқыққа қайшы әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығын ескертеді және азаматтарды жол қозғалысы қағидаларын бұзбауға шақырады.