Ұлытау облысының прокуратурасы сотталған адамға жеке кәсіп ашуына көмектесті

Ұлытау облысының прокуратурасы сотталған адамға жеке кәсіп ашуына көмектесті

Ұлытау облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматқа жеке бизнес ашуға қолдау көрсетті.  

Пробация қызметінде есепте тұрған Сәтбаев қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.

Прокуратураның қолдауы арқасында ол мемлекеттен 3 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды.  

 Бұл қаражатқа дәнекерлеу құрылғысын сатып алуға және жұмыс жасайтын үй-жайлар салуға жұмсалды.

Қазіргі уақытта ер адам жеке кәсібін табысты жүргізуде.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

#Заң_мен_тәртіп