Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау – Ұлытау облысы прокуратурасының басым бағыты

Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау – Ұлытау облысы прокуратурасының басым бағыты

    Бизнес өкілдері мен инвесторлардың құқықтарын қорғау – облыс прокуратурасы қызметінің негізгі басымдықтарының бірі.

     Кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында облыс прокуратурасы «Атамекен» ҰКП, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және басқа да мүдделі мемлекеттік және қоғамдық институттармен тығыз өзара іс-қимыл жүргізуде.

     2025 жылғы 13 қарашада облыс прокуроры Жасұлан  Еламановтың «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Шокановпен және Палатаның облыстық филиалының төрайымы Ғалия Каженовамен кездесуі өтті.

     Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, әкімшілік кедергілер, негізсіз тексерулер және бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығы талқыланды. Проблемалық мәселелерді жүйелі шешу үшін бірлескен іс-шаралар айқындалды.

     2025 жылдың өткен кезеңінде облыс прокуратурасы 4 784 кәсіпкердің құқықтарын қорғады, олардың пайдасына 476,5 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, 18 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

     Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес алаңында өзекті проблемалар тұрақты түрде қаралып, оларды шешу бойынша ортақ ұсыныстар әзірленуде.

     Өңірде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған тұрақты жұмыс алаңдары құрылып, тиімді қызмет атқаруда.

     Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.