Ұлытау облысы бойынша 2025 жылдың басынан бері Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша (көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқару, сондай-ақ оны басқаруды беру) 15 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Барлық тұлғалар құқық бұзушылық жасау сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Аймақ соттары жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтардың ауырлығын және олардың жоғары қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, кінәлі тұлғаларға өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айыру түріндегі айыптау үкімдерін шығарған.
Мысалы, бұрын көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылған тұлға тиісті қорытынды жасамай 2025 жылғы 16 тамызда Сәтбаев қаласында «Mercedes-Benz» маркалы көлікті алкогольдік масаң күйде қайта басқарған.
Сәтбаев қалалық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қадағалаушы орган масаң күйдегі жүргізушілердің қатысуымен болатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі үйлестіру жұмыстарын жалғастыруда.
Ұлытау облысының прокуратурасы көлікті масаң күйде басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын және ол бойынша бас бостандығынан айыру мен жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру жазасы қолданылатынын ескертеді.