2025 жылы Жезқазған және Алматы қалаларының тұрғындары Ұлытау облысы аумағында адамдар тобымен алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдаған.
Аталған дерек бойынша 2 азаматқа қатысты ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Ұлытау облысы бойынша Департаментімен Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1) 3) тармақтарымен тергеу әрекеттері жүргізіліп, нәтижесімен қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ұлытау облысы Жезқазған қалалық сотының үкімімен сотталушыларға 8 және 9 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотпен аталған қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды мінсіз атқарғанына, өзін белсенді танытқаны және өзінің шеберлігін жоғары деңгейде көрсеткені үшін мемлекеттік айыптаушыға жекеше қаулы шығарылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.