ҚР БП 16.04.2025 ж. №50 бұйрығына сәйкес, Ұлытау облысының прокуратурасы қызметкерді жоғары басшы лауазымға орналастыру мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жариялайды:
- қала, аудан прокурорының орынбасары (C-RGP-2-санаты).
Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадрлық жұмыс тобына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет .
Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:
1) жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты;
2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді;
3) полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;
4) аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесу;
5) аттестаттау комиссиясының шешімін шығаруын қамтиді.
Соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде полиграфологиялық зерттеулерді қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілген қызметкер бірден әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.
Келесі қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:
1) басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;
2) алынбаған тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Анықтама телефондары: ішкі 7200-801, 7200-802, 8 702 638 88 58,
Қоңырау шалу уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығы, сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін.
Ұлытау облысы прокуратурасының кадрлық жұмыс тобы
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері үшін жоспардан тыс аттестаттауды өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_____________________________
(Т.А.Ә., прокуратура органдары жүйесіндегі
____________________________________
басшының лауазымы)
кімнен:_____________________________
(қызметкердің Т.А.Ә. ,
____________________________________
лауазымы, сыныптық шені)
БАЯНАТ
Мені жоғары тұрған басшы лауазымға ұсыну үшін жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын.
_____________________
(Т.А.Ә., қолы)