Түркістан облысының прокуратурасында кибер қылмыстылыққа, соның ішінде интернет-алаяқтық, есірткі бизнесі, адам саудасына қатысты тіркелген қылмыстық істердің тергеу сапасына, осы бағытта атқарған алдын алу шараларының тиімділігіне байланысты Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Аталған жиынға қылмыстық қудалау және уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, 2-ші деңгейлі банктер мен байланыс операторы филиалдарының басшылары қатысты.
Кеңес отырысында профилактикалық шараларды, оның ішінде банк жүйесіндегі қылмыстық операцияларымен күресті күшейту мәселесі талқыланды.
Соңғы 5-жылда облыс көлемінде 2 500-ден астам интернет-алаяқтық қылмыстары жасалып, 3-есеге (226-дан 605-ке) өскен.
Үйлестіру Кеңесінің қорытындысымен қылмыстық қудалау органдары мен уәкілетті органдардың басшыларына профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы ұсыныстар талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықты алаяқтардың ықтимал байланыс нөмірлерін ақпараттандыру мақсатында облыс прокуратурасы «Telegram» мессенджерінде «Алаяқтан сақ бол» телеграм-бот жобасы әзірленіп, іске асырылуда.
Телеграм-ботқа облыс аумағында жасалған интернет-алаяқтық қылмыстары бойынша қолданылған байланыс нөмірлері енгізілген.
Кез келген азамат күмән келтірген абоненттік нөмірлерді телеграм-ботқа енгізу арқылы ақпарат ала алады.
Түркістан облысының прокуратурасы