Түркістан қаласында «Сотталғандарды ресоциализациялау: проблемалар, оларды шешу жолдары және қоғамның бейімделу процесіндегі рөлі» тақырыбында пробация есебіндегі тұлғаларға арналған форум өтті.

Түркістан қаласында «Сотталғандарды ресоциализациялау: проблемалар, оларды шешу жолдары және қоғамның бейімделу процесіндегі рөлі» тақырыбында пробация есебіндегі тұлғаларға арналған форум өтті.

Спикерлер ретінде облыс әкімі Н.Көшеров, облыс прокуроры М.Тлеубердиев, ПД бастығы М.Қабденов, облыстың бас имамы Е.Төлепов, қоғам қайраткері Б.Смағұл қатысты.

Өз сөзінде Мұрат Тлеубердиев мемлекет сотталушыларды қолдау мақсатында қаржылай грантар, техниканы лизингке беру, кәсіптік оқыту сияқты көптеген жағдайлар жасағанын атап өтті.

Сондай-ақ «Отбасын қолдау орталықтары» мен Пробация қызметі екі жақты меморандумға қол қойды, енді сотталғандарға құқықтық, психологиялық және медициналық көмек, жұмысқа орналасу және сол сияқты басқа да әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады.

Облыс прокуроры өмірде мойымай, алға ұмтылып, қоғамға бейімделу үшін күш салып жүрген сотталған азаматтардың еңбегін насихаттау қажет екенін айтты.

Форум нәтижесі бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне ұласты.

Түркістан облысының прокуратурасы