
Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың және басқа мүдделі ведомстволардың басшыларының қатысуымен пробациялық қызметтің проблемалық мәселелерін шешуге арналған ведомствоаралық жиналыс өтті.
Жиналыс барысында «Жол картасы» қабылданды, ол пробация қызметіне көмек көрсету бойынша әрекеттердің алгоритмін анықтап, уәкілетті органдардың міндеттері мен көлемін айқындайды.
«Жол картасының» негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
Сонымен қатар, пробациялық есепте тұрған тұлғалар арасында қайталанатын қасақана құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қабылданды.
Бұл қадамдар пробациялық қызметтің жұмысын жақсартуға және бақылаудағы тұлғалардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірдегі қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған.
Түркістан облысының прокуратурасы