Түркістан облысының прокурорларымен үш ірі заңсыз цехтарын жойды

Түркістан облысының прокурорларымен  үш ірі заңсыз цехтарын жойды

Түркістан облысының прокуратурасы көлеңкелі экономикаға қарсы тұрақты түрде күрес жүргізуде.

Осыған байланысты прокуратура суррогат алкоголь өнімдерін дайындау және өткізумен айналысатын адамдар тобына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы қаулы шығарылды.

Арнайы іс-шараларды іске асыру қорытындысымен Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп,  Келес, Төлеби аудандары, сондай-ақ Түркістан қаласында 3 ірі астыртын цех анықталып, олардың жұмысы тоқтатылды.

Нәтижесінде нарықта қымбат бағаланатын 31 920 бөтелке жалған алкоголь өнімдері, маркалары «Абсолют» - 12 280, «Skyy» -11 020 және «Айдабульская» 8 620 дана, сондай-ақ құрамында спирті бар 600 литр сұйықтық тәркіленді.

Заңсыз өнімнің нарықтық құны 170 млн теңгеден асады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 233-бабымен тергеп-тексеру басталды.

                                      Түркістан облысының прокуратурасы