
12.11.2024ж. облыс прокуроры М.Тлеубердиевтің төрағалығымен білім беру ұйымдарында жүргізілген тексерулерді қорытындылау, тұрмыстық зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандар арасындағы суицидті алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі Үйлестіру кеңесінде қаралды.
Жиында осы саладағы уәкілетті органдардың атқарған жұмыстары тыңдалып, білім саласында жүргізілген тексеру барысында анықталған жүйелі құқық бұзушылықтар, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау себептері талқыланды.
Білім саласында жүргізілген тексерумен 1377 тұлға тәртіптік, 4090 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 121 000 аса баланың құқығы қорғалып, 730 млн теңгеден астам қаржы мемлекетке қайтарылды.
Сонымен қатар, 4 млрд теңгеден астам мемлекет қаржысын негізсіз аудару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі таңда 530 млн теңгеден астам қаржы қайтарылған.
Жиналыс қорытындысымен облыс прокуроры М.Тлеубердиев уәкілетті органдарға іс-шараларды жандандырып, құқық бұзушылықтарды жою, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кәмелетке толмағандар арасындағы суицидті алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Түркістан облысының прокуратурасы