Түркістан облысының прокурорлары кәсіпкерлердің құқығын қорғады

Түркістан облысының прокурорлары кәсіпкерлердің құқығын қорғады

Қадағалау органы халық арасында сұйытылған газдың сатуын қамтамасыз ететін кәсіпкерлерге газдың біркелкі бөлінбеу фактілерін анықтады.

Прокурорлық тексерумен уәкілетті органның жеткізушілер арасында сұйытылған газ көлемін бөлу кезінде жасанды түрде төмендету және өтінімдерді қабылдау кезіндегі қағидалармен бекітілген мерзімдер мен талаптарды бұзу түріндегі бәсекелестікке қарсы әрекеттері анықталған.

Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижелерімен сұйытылған газды бөлу жөніндегі Комиссия құрамы жаңартылып, оның бастамасымен сұйытылған газдың объективті бөлінуі, құқықтары бұзылған 44 кәсіпкердің сұйытылған газ көлемдерін қалпына келтіруі және жасанды тапшылық пен газ бағасын көтермеу бағытындағы жұмыстарды алдын алу шаралары жасалды.

Сонымен қатар, аталған заң бұзушылықтарға жол берген Энергетика басқармасының басшысы Комиссия құрамынан шығарылып, тәртіптік («қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі) және әкімшілік жауаптылыққа (ӘҚБтК-нің 163-бабының 1-бөлігімен (бәсекелестікке қарсы әрекеттер) 2,2 млн. теңге айыппұл төленген) тартылған.

Бұл бағыттағы жұмыс Түркістан облысы прокуратурасының жүйелі бақылауында.

                                         Түркістан облысының прокуратурасы