Түркістан облысының прокуроры тағайындалды

Түркістан облысының прокуроры тағайындалды

       Мемлекет Басшысының келісіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Түркістан облысының прокуроры қызметіне Марат Тілеуқабылұлы Алиханов тағайындалды.

М.Т.Алиханов 1965 жылы бұрынғы Целиноград облысының Есіл қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің Құқықтану факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1989 жылы Ақтөбе қаласында прокуратураның тағылымдамашы-тергеушінен бастаған.

Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

2012 жылдың қазан айында Ақмола облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес Агентігі Департаментінің бастығы болып тағайындалды.

2014 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары, соңынан бірінші орынбасары, ал 2016 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры болып тағайындалды.

Жаңа тағайындауға дейін Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Прокуратура органдарында 24 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Түркістан облысының прокуратурасы