Мекемеаралық жиналыс өтті

Мекемеаралық жиналыс өтті

19.04.2024ж. Облыс прокурорының орынбасары С.Келдібековтің төрағалығымен  террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына қатысты мекемеаралық жиналыс өтті.

Жиналысқа жергілікті атқарушы, арнайы, құқық қорғау органдарының басшылығы және кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Мекемеаралық жиналыстың нәтижесімен адамдар көп жиналатын объектілерді, әсіресе мәдени көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде оны қорғау бойынша шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ  анықталған кемшіліктерді жою туралы хаттамалық тапсырмалар берілді.

Аталған бағыттағы жұмыс барысы облыс прокуратурасының бақылауында.

  Түркістан облысының прокуратурасы