«Бизнесті және инвесторларды қорғау»

«Бизнесті және инвесторларды қорғау»

Түркістан облысының прокуратурасымен облыс әкімдігі, Атамекен палатасы, Kazakh Invest өкілдерімен бірлесіп «Бизнесті және инвесторларды қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиында инвесторлардың түйткілді мәселелері, оларды шешу жолдары, алдағы кезеңдегі міндеттер талқыланды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында облыстық прокуратураның бастамашылығымен «Инвест-Караван» науқаны іске қосылады, онда уәкілетті органдар жедел әрекет ету және туындаған мәселелерді шешу үшін Ұлттық пулға енгізілген облыстың барлық инвестициялық жобаларын аралап шығады.

Отырыс қорытындысы бойынша 2024 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Инвестициялық жобаларды қолдау жұмыстары жалғасуда.

   Түркістан облысының прокуратурасы