Прокурорлармен тіркеуден жасырылған қылмыстар анықталды

Прокурорлармен тіркеуден жасырылған қылмыстар анықталды

Түркістан қаласының прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы cот қаулыларын зерделеу барысында тіркеуден жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда полиция қызметкерлері есірткіге масаң күйде көлікті басқарған 4 жүргізуші мен көлік басқару құқығынан айырылып, қайта көлікті масаң күйде басқарған 1 жүргізушінің іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы болуына қарамастан, оларды тек әкімшілік жауапкершілікке тартумен шектелген.

Бұл ретте прокуратура есiрткi заттарын пайдалану (ҚР ҚК 296-б.  Есірткі және сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра қайта есірткіге масаң күйде көлік басқару (ҚР ҚК 346-б. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) фактілері бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылдануда.  

 Түркістан облысының прокуратурасы