Түркістан облысында инвестордың құқығы қорғалды

Түркістан облысында инвестордың құқығы қорғалды

Түркістан облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның «ParkViewResidence»" ЖШС инвесторы құқықтарын бұзу фактісінің жолын кесті.

Бүгінгі таңда инвестор премиум-класс тұрғын үй құрылысы жобасы аясында 9,6 млрд теңге инвестиция салып, 50 адамды жұмыспен қамтыды.

Сонымен қатар, кәсіпкер биыл қосымша 14 коттедж салуға 6,7 млрд теңге инвестициялауды жоспарлап отыр.

Құрылыс-монтаж жұмыстары кестесінің кешігуіне байланысты (аяқталу мерзімі 31.12.2023ж.) облыс әкімдігі инвестордың  «ParkViewResidence»" ЖШС нысандарын пайдалануға беру мерзімін ұзарту мәселесін ұзақ уақыт бойы шешпеді.    

Қажетті шешім қабылдауын жергілікті атқарушы органның жасанды түрде кешіктіргені белгілі болды.

Облыстық прокуратураның ұсынуынан кейін әкімдік  «ParkViewResidence»" ЖШС құрылыс мерзімін 1 жылға ұзарту туралы шешім қабылдады, Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвестициялық жобаны қолдау жалғасуда және прокуратураның бақылауында.

Проблемалық мәселелер туындаса, инвесторлар Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа +7 778 403 34 37 телефоны арқылы хабарласа алатынын естеріңізге саламыз.

               Түркістан облысының прокуратурасы