«Түркістан облысының прокурорлары бюджет қаражатын шығындаудың алдын алды»

«Түркістан облысының прокурорлары  бюджет қаражатын шығындаудың алдын алды»

«Шымкент жасыл қала» ЖШС-і Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің «Түркістан жарық тазалық» ЖШС-нен 30 млн теңге қарыз соманы өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

2023 жылдың 1 қыркүйегінде сот талапты қанағаттандырып, жауапкерді қарыз соманы төлеуге міндеттеді.

Алайда Түркістан облысының прокуратурасы бұл шешімге наразылық келтіріп, нәтижесінде 19.12.2023 жылы апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп, жауапкерден өндіріп алынған қарыз соманың күшін жойды.

Атап айтқанда, апелляциялық саты прокуратураның даулы сомаға орындалған жұмыс актілері жауапкерде жоқ және талапкермен тіркелмеген, сондай-ақ талап қоюшы шарттың қолданылу мерзімі ішінде көрсетілген соманы төлеуге шот-фактураларды ұсынбағаны туралы уәждерімен келіскен.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 30 млн.теңге көлемінде бюджет қаражатын шығындауға тосқауыл қойылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.     

 Түркістан облысының прокуратурасы