Түлкібас ауданының прокуратурасы 397,3 млн. теңгеге мүлікті мемлекетке қайтарды

Түлкібас ауданының прокуратурасы  397,3 млн. теңгеге мүлікті мемлекетке қайтарды

Түлкібас ауданының прокуратурасы «Мемлекеттік мүлік туралы»  Заңының талаптарының сақталуына талдау жүргізіп, Түлкібас ауданы, Састөбе кентінде орналасқан жалпы құны 397,3 млн. теңге болатын мемлекет теңгеріміндегі «Састөбе кентіндегі ауыз су және кәріз жүйелері» мүліктік кешенін жеке ЖШС-не алдын ала тұрғындардың келісімінсіз заңсыз берілгендігін анықтап, наразылық келтірді.

Келтірілген наразылықты қарау нәтижесімен Састөбе кенті әкімдігі мен «Састөбе су» ЖШС-гі арасында  22.11.2021ж. №1 «Састөбе кентіндегі ауыз су және кәріз жүйелері» мүліктік кешенін беру туралы келісім-шартының күші жойылып, жалпы құны 397,3 млн. болатын ауыз су және кәріз жүйелері мемлекет теңгеріміне қайтарылды.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

Түркістан облысының прокуратурасы