Түркістан облысының прокуроры Кентау қаласына барды

Түркістан облысының прокуроры Кентау қаласына барды

Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев Кентау қаласына барып, өзекті сұрақтармен танысып, жергілікті активпен кездесті.

Кездесу барысында криминогендік ахуал, тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Қалада инфрақұрлым мәселесі басты назарда болуына байланысты, облыс прокуроры тұрғындарды ауыз су және газбен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды шұғыл түрде жандандыру қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар жылыту маусымына дайындық кезеңіне орай «Кентау-Сервис» МКК №5 жылу энерго орталығына барып, ондағы күрделі жөндеу жұмыстары мен жұмысшылардың еңбек ету жағдайымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс прокуроры қала прокурорына мүдделі органдармен бірлесе отырып, туындаған мәселелерді шешу туралы тапсырмалар берді.

Түркістан облысының прокуратурасы