Жастар – жарқын істердің бастауы

Жастар – жарқын істердің бастауы

Түркістан қаласында прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Тәртіпті жастар – қауіпсіз қоғам» тақырыбында форум ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, белсенді жастар мен білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.

Форумның басты мақсаты – мемлекеттік органдар мен жастар және ұйымдар арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, рухани және мәдени құндылықтарды дәріптеу мен қазақстандық патриотизмді нығайту.

Сонымен қатар аталған форум жастар ортасында саяси мәдениет пен әлеуметтік белсенділікті қалыптастыруға септігін тигізді.  

Іс-шара барысында арнайы шақыртылған қонақтар мұндай игі бастамалар жастардың бойына отаншылдық рух, патриоттық сезім ұялатындығын айтып, жастарды қоғамның дамуына белсенді үлес қосуға шақырды.

Жиын соңында Түркістан облысының аға буын өкілдері жастар - тәуелсіз Қазақстанның болашағы екендігін атап өтіп, мемлекет басшысы жастар саясатына ерекше назар аударып, оларға үлкен үміт артып отырғандығын көрсетті.

 

Түркістан облысының прокуратурасы